«Алина» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Түркістан облысының білім басқармасының, Төлеби ауданының білім бөлімінің «Алина» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жерінің мекен-жайы) | Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ленгір қаласы, Төлеби көшесі №113 |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, webсайт) | Ұялы телефон: 8 771 — 685 -42 -11 Электронды поштасы: detsadalina@mail.ru Webсайт: https://alina-bb.edu.kz/ фейсбук: https://www.facebook.com/profile.php?id=100063454482990&mibextid=ZbWKwL ютуб: https://youtube.com/channel/UCb-Ti1iI9OvsxPah77u73Ew?si=3J6x9vd04gpGrglg |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі) | Тургунбекова Акмарал Есиркепкызы Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің 2023 жыл 15 тамыздағы №379 бұйрығымен тағайындалды. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңдамасына сәйкес Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден 08.09. 2023жылы өткен. БСН 151140024345 алғашқы мемлекеттік тіркеу күні 27.11.2015 жыл. Кәсіпорын жарғысы Төлеби аудандық тіркеу және кадастр бөлімі 2023 жыл. 08 -қыркүйек Тіркеу № 140-1959-09-НАО-МН |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | Талон 14.09.2016 жыл №KZ85RVK00011664 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы |
| 7 | Құрылған жылы | 2016 жыл |
| 8 | Ыңғайластырылған ғимарат | Екі қабатты ыңғайластырылған |
| 9 | Топтар саны | 4 топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер: І ауысым; ІІ ауысым |
| 13 | МДҰ – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 86 балаға арналған. 31.08.2016 жылы №17р1-10-4-68 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Балабақша орны 100 балаға арналған. 06.11.2019 жылы № Х.10.Х.KZ37VWF00016661 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды. |
Балабақша ғимараты ыңғайластырылған үлгіде. Балабақша 86 орындық болып ашылған, қазіргі таңда 100 тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін, 10,5 сағат жұмыс жасайды.
Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын, жатын бөлмелері, меңгеруші, әдістемелік, психолог бөлмелері, медицина бөлмесі, кір жуу бөлмесі, асхана, мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі табиғи газбен жылытылады. Су, электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт-дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте қабылдау бөлмесі, емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал — сайман жабдықтармен жабдықталған.
Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы және топтарға арналған жазғы шатырлар өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар көлеңкелі қоршау орындығымен гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған спорт алаңы бар.
Балабақшаның арнайы бөлмелері:
— Меңгеруші бөлмесі;
— Әдістемелік бөлмесі;
— Психолог бөлмесі;
— Теледидар – 4 дана;
— Компьютер –3дана;
— Ноутбук — 1 дана;
— Принтер-4 дана.
— Түрлі-түсті принтер – 1 дана
Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы», «Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген.Әр топта «Денсаулық»,«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітап бұрышы», «Табиғат бұрышы», дамытушы кеңістік орта жасақталған.